Блогер Сәуле Базарханның туыстары оның жекеменшік клиникадағы отадан оянбай қалғанын айтқан соң медициналық мекеме өкілдері алғаш рет желіде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Клиника Instagram желісіндегі парақшасында жазба жариялады. Онда клиника қызметкерлері пациент Сәуле Ермаханованың (Базархан) отбасына, туыстары мен достарына көңіл айтты.
"Біз үшін бұл қиын жағдай, біз оны күйзеліспен қабылдадық. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты заңда талап етілетін рәсімдер жүргізілуде. Дәрігер құпиясын сақтау, пациенттің отбасына құрметпен қарау және жүргізіліп жатқан процедуралардың объективтілігі мүддесіне байланысты клиника ресми процедуралар аяқталғанға дейін оқиғаның мән-жайы мен медициналық мәліметтері туралы жария түрде пікір білдіруді мүмкін деп санамайды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар клиника қосымша ақпарат "қажет болған жағдайда" мекеменің ресми ресурстарында жарияланатынын атап өтті.