Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Блогер Сәуле Базарханның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Блогер Сәуле Базарханның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Блогер Сәуле Базарханның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы қаласында жекеменшік клиникалардың бірінде 53 жастағы тұрғынның қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.