Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Мәжілістің салалық комитеттері жаңа құжаттарды жұмысқа қабылдады:
– Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері;
– «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасы және оған ілеспе түзетулердің екі пакеті;
– ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалануға бақылауды күшейту мәселелері бойынша Жер кодексіне енгізілетін түзетулер;
– Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Цифрлық экономика саласындағы әріптестік туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы.