Прямая трансляция

Астана

Астана

23°C

Қазақстан азаматы Германияда барлау жасады деген күдікке ілінді - СІМ

Қазақстан азаматы Германияда барлау жасады деген күдікпен ұсталды.

Қазақстан азаматы Германияда барлау жасады деген күдікке ілінді - СІМ
Фото: СІМ

Бұл ақпаратты Қазақстан сыртқы істер министрлігі растады.

"Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі Германия Федеративтік Республикасының құзыретті органдарының биыл 29 сәуірде барлау қызметіне қатысы бар деген күдікпен Қазақстан Республикасының азаматын ұстағанын растайды", — деп хабарлады министрлікте.

Ведомство өзге ақпарат "құзыретті органдардың қарауында" екенін айтты.

Министрліктің мәліметінше, ұсталған азамат Қазақстанның елшілігіне немесе консулдық мекемелеріне жүгінбеген.