Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

"Айыппұл кешіріледі": Мәжіліс рақымшылыққа қатысты заңды қарауға кірісті

Мәжіліс депутаттары қылмыстық және әкімшілік рақымшылыққа қатысты заңды қарауға кірісті, деп хабарлайды Paryz.kz.

"Айыппұл кешіріледі": Мәжіліс рақымшылыққа қатысты заңды қарауға кірісті
Фото: sputnik.kz

Депутат Снежана Имашеваның айтуынша, жаңа Конституцияны қабылдауға байланысты рақымшылық қылмыстық және әкімшілік істерге қатысты қолданылады.

"Рақымшылық аясында зиян келтіруге әкеліп соқпаған не оны толық өтеген ауырлығы аз немесе орташа қылмыстық теріс қылықтар мен қылмыстар бойынша жауапкершіліктен босату, ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша толық өтелген жағдайда мерзімдерді қысқарту ұсынылады", - деді Имашева.

Ал әкімшілік рақымшылық Қазақстан азаматтары болып саналатын жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, нотариустар, адвокаттар мен қандастарды заң қабылданға дейін орындалмаған әкімшілік айыппұлдардан босатады.