Астанада іске қосылған LRT желісіндегі жолаушылар саны алғашқы күндері күрт артты. Бұл туралы CTS басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, LRT іске қосылғаннан кейін жолаушылар ағыны жобалық көрсеткіштен де жоғары болған. LRT іске қосылған сәттен бері жолаушылар саны 180 мыңға дейін жетті.
Кеше шамамен 100 мың жолаушы тіркелді. Бұл – жобалық өткізу мүмкіндігінен жоғары көрсеткіш. Қазіргі таңда жолаушылар ағыны екі есеге азайды, – деді CTS басшысы.
Асылбек Дүйсебаев LRT жүйесі толық автоматтандырылғанын еске салып, тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.
Өздеріңіз білетіндей, LRT жүйесі толық автоматтандырылған және жүргізушісіз жұмыс істейді. Сондықтан қауіпсіздік талаптарын сақтау өте маңызды. Кейбір әрекеттер пойыздардың уақытша тоқтауына себеп болуы мүмкін, – деді ол.