Прямая трансляция

Астана

Астана

22.81°C

Астанада екі қабатты ғимарат өртеніп жатыр

Астана қаласының Сарыарқа ауданында Жайылма көшесінде екі қабатты ғимараттан өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Астанада екі қабатты ғимарат өртеніп жатыр
Фото: ТЖМ

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде ашық жану байқалып, өрт өршіп кеткен. 112 пультіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды. Суды үздіксіз беру ұйымдастырылып, сөндіруге бірнеше су оқпандары берілді.