Прямая трансляция

Астана

Астана

23°C

Жер комиссияларының жұмысы тоқтатылады

Мәжіліс депутаттары топырақты қорғау туралы заңнамаға енгізілген өзгерістерді қабылдады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Жер комиссияларының жұмысы тоқтатылады
Фото: gov.kz

Депутат Нұржан Әшімбетовтың айтуынша, үкіметке ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру бойынша электронды конкурстар өткізуге қатысты түзетулер енгізілді. Осы ұсыныстар екінші оқылымға дейін қаралады.

"Қабылданған жағдайда жер комиссиялары өз жұмысын тоқтатады. Ол шешім қабылдау кезінде адам факторын болдырмайды, ашықтықты арттырады. Демек, ауыл тұрғындары көп шағымданатын сыбайлас жемқорлықты жояды",-деді Әшімбетов мәжілістің бүгінгі отырысында.

Айта кетері, Қазақстанда 2021 жылдан бастап елді мекендердегі жер телімдеріне электронды аукциондар өткізіліп келеді. Содан бері осы жүйе өз тиімділігін дәлелдеді.