Прямая трансляция

Астана

Астана

17°C

Тоқаев Ұлы Отан соғысының қатысушысына "Халық қаһарманы" атағын берді

Ұлы Отан соғысының қатысушысы Кенжебай Мәденовке "Халық қаһарманы" атағы берілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев Ұлы Отан соғысының қатысушысына "Халық қаһарманы" атағын берді
Ақорда

"Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Ұлы Отан соғысына қатысушы Кенжебай Мәденұлы Мәденовке (марқұм) "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген жарлық мәтінінде.