Прямая трансляция

Астана

Астана

22°C

Жаңбыр жауып, үсік жүреді: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

"Қазгидромет" РМК 2-4 мамырға жасалған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Жаңбыр жауып, үсік жүреді: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
Фото: sputnik.kz

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады – жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанып отыр.

"Кезең бойы еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, ал 4 мамырда солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі және жел соғуы мүмкін. Республика бойынша түнгі және таңғы мезгілде тұман түседі", - деп жазылған хабарламада.

Кезең бойы республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнгі уақытта 3 градусқа дейін үсік жүреді деп болжанып отыр.

Күндіз ауа температурасы біртіндеп: батыста +17...+32°С-қа дейін, солтүстік-батыста +15...+30°С-қа дейін, солтүстікте +15...+23°С-қа дейін, орталықта +17...+27°С-қа дейін жоғарылайды.