Прямая трансляция

Астана

Астана

22°C

Заңсыз айналымнан 25 атыс қаруы тәркіленді

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ІІМ республика аумағында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Заңсыз айналымнан 25 атыс қаруы тәркіленді
Фото: polisia.kz

Шара барысында тұрғылықты мекенжайлар бойынша 48 мыңнан астам қару иесі, сондай-ақ орталықтандырылған сақтау орындарында сақталған 3 мыңнан астам қару тексерілді.

Нәтижесінде қару айналымы мен тіркеу тәртібін бұзудың 515 фактісі анықталды. Оның ішінде қаруды сақтау жағдайларының заңнама талаптарына сәйкес келмеуі тіркелді. Заңсыз айналымнан 25 атыс қаруы тәркіленді.