Ақордада елімізге ресми сапармен келген Израиль президенті Ицхак Герцогты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорда.
Қазақстан президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, алдымен екі елдің басшылары бір біріне делегация мүшелерін таныстырған.
Кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалған.