Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Жаңбыр, дауылды жел: 27 сәуірге арналған ауа райы болжамы

“Қазгидромет” РМК баспасөз қызметі 27 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Жаңбыр, дауылды жел: 27 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Фото: unplash

Болжамға сәйкес, дүйсенбі күні елдің шығысында, түнде солтүстігінде және орталығында, күндіз батысында және оңтүстік-шығысында ауа райы құбылмалы сипатта сақталады.

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр күтіледі. Батыс пен оңтүстік-шығыста бұршақ жауып, дауылды жел соғуы мүмкін, – деп жазылған ақпаратта.

Қазақстанның қалған аумақтарында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша желдің күшеюі және тұман күтіледі, ал оңтүстікте шаңды дауыл болжанады.

Шығыс Қазақстан облысында жоғары өрт қаупі сақталады.