Қазақстан темір жолы шығынмен жұмыс істеп отыр, бұл жағдай тасымал бағасының айтарлықтай қымбаттауына әкелуі мүмкін. Сенатор Шәкәрім Бұқтұғұтов ҚТЖ-ның тариф саясаты мәселесін көтерді, деп хабарлайды
Жоғары аудиторлық палатаның дерегіне сүйенсек, елдегі жүк айналымының шамамен 70%-ы өзіндік құнынан төмен тарифпен тасымалданады. Қазақстан ЕАЭО мен ТМД елдері арасында теміржол тарифтері ең төмен мемлекеттердің бірі саналады. Ал көрші елдерде дәл осындай тасымал құны 2–4 есе қымбат.
«ҚТЖ-ның жалпы қарызы жаңа несиелерді қосқанда 3 триллион теңгеден асып кеткен. Бұл мәселені соза беру ҚТЖ-ның өзіне де, жалпы елдің транзиттік әлеуетіне де айтарлықтай теріс салдар әкелуі мүмкін», – деп ескертті депутат
Сенатта өтіп жатқан парламенттік тыңдауда. Бұқтұғұтовтың айтуынша, тарифтерді жедел реформалау қажеттігін бұған дейін ақпан айында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі де тапсырған болатын.