Алматы маңында жол-көлік оқиғасы болды – жеңіл көлік тоқтап тұрған жүк көлігіне соғылған, деп хабарлайды облыстық ПД-ға сілтеме жасаған Paryz.kz.
Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 23 сәуірде шамамен сағат 23:55-те Алматы-Бішкек тасжолының 19-шақырымында болған.
"Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry көлігінің 27 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, тоқтап тұрған жүк көлігіне соғылған", - делінген полиция ұсынған ақпаратта.
Жол апаты салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.
Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын мұқият, жан-жақты және объективті тергеуге бағытталған барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ желіде куәгерлер түсірген оқиға орнынан кадрлар жарияланып жатыр.