Аса ірі көлемде ақша жымқырып, алаяқтық жасады деген күдікке ілінген қазақстандық әйел Грекиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды бас прокуратура.
Қазақстан Бас прокуратурасы мен ішкі істер министрлігінің интерпол қызметкерлері Грекиядан күдікті әйелді экстрадициялады.
"Ол 2021 жылы Алматы қаласындағы тасымалдау компаниясында бухгалтер болып жұмыс істеген. Күдікті өзінің басшысынан 230 000 АҚШ долларын банктік сейф ұяшығында сақтау сылтауымен алып, оларды иемденіп кеткен деген күдікке ілінді", - дейді прокуратурада.
Қылмыс жасағаннан кейін ол жасырынып, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған. 2024 жылғы маусымда күдікті Грекия аумағында ұсталып, бас прокуратураның сұрауымен Қазақстанға экстрадицияланды.
Қазақстан мен Грекия арасында тікелей әуе қатынасы болмағандықтан күдікті Сербия аумағы арқылы транзитпен тасымалданды, дейді бас прокуратура.