Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев екінші АЭС-тың атауын жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Қазақстандағы екінші атом электр станциясы да Балқаш көлінің жағасында салынады.
"Қазіргі кезде үш алаң қарастырылып жатыр. Екінші АЭС-тың жұмыс атауы да бар. Ол "Мойынқұм" атом электр станциясы болады", - деді Сәтқалиев журналистерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, осы жолы АЭС атауына конкурс жарияланбайды. Ал қытайлық China National Nuclear Corporation (CNNC) компаниясы екінші атом электр станциясын салуы мүмкін.