Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Ердоған мамырда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Мамыр айында Қазақстанға Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған келеді. Бұл жөнінде Премьер-министр Олжас Бектенов Түркия вице-президенті Жевдет Йылмазбен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды paryz.kz.

Ердоған мамырда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Ақорда

Сіздерді Астанада Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 14-отырысында қарсы алғаныма қуаныштымын, - деді ҚР Премьер-министр кездесуде. Одан әрі Премьер-министр 2024 жылы Анкарада өткен Үкіметаралық комиссия отырысы елдеріміздің қарым-қатынасына елеулі үлес қосқанына назар аудартты. Экономиканың барлық саласы бойынша әлеуетіміз зор. Бүгінгі бас қосуымыз бұл мүмкіндікті қолдану бағытында жаңа белестер ашатынына сенімдімін. Елдеріміздің бауырластығы жылдар бойы табысты түрде дамып келеді. Біз Түркиямен арадағы байланыстарды кеңейтілген стратегиялық әріптестік рухында одан ары дамытуға айрықша мән береміз, - дейді Бектенов.

Олжас Бектенов мемлекеттеріміздің көшбасшылары арасында игі дәстүрге айналған шынайы достық екіжақты қатынастарды тереңдетуге берік негіз қалағанын атап өтті.

Біздің Президенттеріміз - құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған өзара сапарлар мен халықаралық іс-шаралар аясында үнемі кездесіп тұрады. Бұл ретте Түркия Президентінің мамыр айында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуін ерекше күтудеміз. Бүгінгі үкіметаралық комиссияның отырысы Түрік мемлекеті басшысының алдағы сапарының мазмұндық бөлігіне сүбелі үлес қосып, жаңа бастамаларды айқындауға ықпал етеді деп сенемін, - деді Премьер-министр.