Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Қарағанды облысында баланың басына кірпіш құлады

Қарағанды облысында баланың басына кірпіш құлады, деп хабарлайды paryz.kz.

Қарағанды облысында баланың басына кірпіш құлады
Фото: sputnik.kz

Бұқар жырау аудандық мәдениет үйінің сыртқы қаптамасындағы кірпіш босап кетіп, баланың басына тиген.

Қазіргі уақытта полиция Қылмыстық кодекстің 306-бабы (қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) бойынша тергеуді бастады. Тергеу тобы оқиға орнына барып, мән-жайды анықтауға кірісті. 

Зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді. Айта кетері, аталған бап бойынша 600 АЕК-ке (2 595 000 теңгеге) дейін айыппұл салу, сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 40 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.

Сондай-ақ сот шешімімен белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейін айыруы мүмкін.