Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Мирзиёев Тоқаевқа тарихи маңызы зор архив құжаттарын тапсырды

Бұхарада өткен бейресми кездесу барысында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжаттарды табыстады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Мирзиёев Тоқаевқа тарихи маңызы зор архив құжаттарын тапсырды
Фото: akorda.kz

Қазақстан тарапына Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи және Рәбия Сұлтан бегім кесенелеріне қатысты 1920–1950 жылдары Өзбекстан архивтерінен табылған құнды материалдар берілді. Олардың қатарында сирек құжаттар, сәулеттік сызбалар мен тарихи фотосуреттер бар.

Ресми мәліметке сәйкес, ұсынылған материалдардың басым бөлігі осы уақытқа дейін ғылыми айналымға енгізілмеген. Бұл құжаттар тарихи-мәдени мұраны зерттеу, кесенелердің қалпына келтіру тарихын зерделеу және ғылыми жұмыстарды толықтыру тұрғысынан ерекше маңызға ие.

Құжаттардың табысталуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ортақ тарихи мұраны сақтау және зерттеу бағытындағы серіктестікті одан әрі нығайта түсетіні атап өтілді.