Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Алматы маңында жер сілкінді

Алматы облысы Іле ауданындағы ауылдардың бірінің тұрғындары жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды Paryz.kz ҚР ТЖМ-нің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Алматы маңында жер сілкінді
Фото: istockphoto

ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеулер мен ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі 8 сәуір күні Астана уақытымен 22:55-те жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 117 шақырым жерде орналасқан.

Сезілуі бойынша: Алматы облысы, Құрты ауылы – 2 балл. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.