Прямая трансляция

Астана

Астана

15°C

Мамырда қазақстандықтар неше күн демалады

Биыл мамыр айында елімізде 4 мереке тойланады. Күнтізбелік есепке сәйкес, бес күндік және алты күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтардың демалыс күндері әртүрлі болады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Мамырда қазақстандықтар неше күн демалады
Фото: kazinform

 — Бес күндік жұмыс аптасы үшін: Мамырда бес апта соңы бар. Сол себепті, 10 күн сенбі және жексенбіге сай келіп тұр. Одан бөлек бұл айдағы төрт мерекеде демалыс беріледі.

1 мамыр (жұма) — Қазақстан халқының бірлігі күні;

7 мамыр (бейсенбі) — Отан Қорғаушы күні;

9 мамыр — Жеңіс күні (9 мамыр сенбіден 11 мамыр дүйсенбіге ауыстырылады);

27 мамыр (сәрсенбі) — Құрбан айттың бірінші күні. Алты күндік жұмыс аптасы үшін: 1 мамыр (жұма) — демалыс,

2 мамыр (сенбі) — жұмыс, 3 мамыр (жексенбі) — демалыс;

7 мамыр (бейсенбі) — демалыс; 

9 мамыр (сенбі) — демалыс, 10 мамыр (жексенбі) — демалыс,

11 мамыр (дүйсенбі) — жұмыс; 27 мамыр (сәрсенбі) — Құрбан айттың бірінші күніне байланысты демалыс.

Сонда мамыр айында аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер 14 күн демалады. Ал 6 күндік кестемен еңбек ететіндерге 9 күн демалыс қарастырылған.