Жер асты дүмпуі 31 наурыз сағат 11:11-де тіркелген, деп хабарлайды Paryz.kz.
ТЖМ мәліметінше, эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа 273 км жерде орналасқан.
Ал магнитудасы 5,4, тереңдігі 10 км. Есептік қарқындылығы: Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы — 2 балл; Жетісу облысы, Текелі қаласы — 2 балл; Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы — 2 балл.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәліметтер түскен жоқ.