Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Талдықорғанда таныстар арасында төбелес шығып, салдарынан бір адам көз жұмды

Талдықорғанда таныстар арасындағы төбелес кісі өлімімен аяқталды. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Paryz.kz Жетісу облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Талдықорғанда таныстар арасында төбелес шығып, салдарынан бір адам көз жұмды
Фото: pixabay

"Алдын ала мәлімет бойынша, 30 наурызда кешке өзара таныс адамдар арасында жанжал туындап, ол төбелеске ұласқан. Осы жанжал кезінде жәбірленуші пышақ жарақатын алып, көз жұмды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

ПД өкілдері күдікті оқиға орнынан қашып кеткенін атап өтті. Оқиға бойынша жүргізілген жедел-тергеу шараларының нәтижесінде күдікті ізі суымай анықталып, ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Барлық мән-жайлар анықталуда.