Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

12 жылға сотталған Кәрім Көкірекбаевты мерзімінен бұрын босату туралы шешім шықты

12 жылға сотталған Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаевты денсаулығына байланысты жазасын өтеуден босату туралы сот шешімі шықты. Алайда прокуратура бұл қаулының күшін жоюды сұрап, өтінішхат түсірді, деп хабарлайды paryz.kz Алматы облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

12 жылға сотталған Кәрім Көкірекбаевты мерзімінен бұрын босату туралы шешім шықты
Фото: president.kg

Ведомствоның мәліметінше, Алатау қалалық соты 2026 жылғы 17 қарашада Қылмыстық кодекстің 75-бабына сәйкес, ауыр науқастануына байланысты Кәрім Көкірекбаевты жазасын одан әрі өтеуден босату туралы №57 мекеме әкімшілігінің ұсынысын қанағаттандырған.

Алайда сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

«Қазіргі уақытта прокуратура органдары аталған сот актісінің күшін жою туралы жеке өтінішхат келтірді», – деп мәлімдеді ведомство.