Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Тоқаев Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебайды қабылдады

Мемлекет басшысы Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебайды қабылдады, деп хабарлайды Ақорда

Тоқаев Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебайды қабылдады
Ақорда

Құрылтай төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Құрылтай жұмысының қазіргі нәтижелері және "Әділет" партиясының қызметі туралы баяндады.

Айбек Дәдебайдың мәлімдеуінше, депутаттар 18 заң қабылдаған және 38 заң жобасы қаралып жатыр. Мемлекет басшысы Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуында және Қазақстан халқына Жолдауында айқындаған міндеттерді заңнамалық тұрғыдан іске асыруға басымдық беріліп отыр.

Жаңа Азаматтық кодекс әзірленіп жатыр. Сонымен қатар балалардың құқықтарын қорғау, педагогтер мен медицина қызметкерлерін қолдау және өзге де әлеуметтік маңызды бағыттар бойынша заңнамалық бастамалар пысықталуда.

2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет қабылданды. Депутаттардың бастамасымен өңірлердегі 52 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру үшін қосымша 47 миллиард теңге қарастырылды.

Қаражат жылу, электр, газ және сумен жабдықтау жүйелерін жаңғыртуға, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталады. Кездесуде қабылданған заңдардың орындалуына парламенттік бақылауды күшейту шаралары да таныстырылды.

Атап айтқанда, заңдардың іс жүзінде қолданылу тиімділігі мен қабылданған шешімдердің нәтижесін бағалауға арналған заңнамалық мониторинг жүргізу қағидалары бекітілді. Сонымен қатар заң жобаларын талдау, құқықтық қайшылықтар мен ықтимал тәуекелдерді анықтау үшін e-Quryltai жүйесі және жасанды интеллект технологияларын енгізу жалғасып жатыр.