Таразда өз-өзіне оқ атқан ер адамның өліміне қатысы бар деген күдікпен қала тұрғыны қамауға алынды, деп хабарлайды
Бұған дейін әлеуметтік желіде банк бөлімшесіне жақын жерде 35 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны жайында ақпарат тарады. Қала тұрғыны өз-өзіне оқ атқан.
Оған қаржылық қиындықтары себеп болған деседі. Сол күні біреу одан қарызға алған көлігін қайтаруды талап еткен.
Облыстық полиция департаменті осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша тергеу басталғанын хабарлады.
"Күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полицейлер. Айта кетері, осы қылмыс үшін үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.