Сенатор Марат Қожаев әкімшілік амнистия аясында алдымен кімдердің айыппұлы есептен шығарылатынын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.
Қазақстанда әкімшілік амнистия алғаш рет өткізіледі. Қожаевтың айтуынша, қазіргі осы бастаманы іске асыру тәртібі талқыланып жатыр.
"Білуімше, ұсыныстар жиналып жатыр. Алдымен әлеуметтік осал топтарға рақымшылық жасау қажет деген ұсыныс та бар. Соның ішінде соғыс және еңбек ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі адамдар, көпбалалы отбасылар және тағы басқа азаматтар қамтылған", - деді сенатор журналистерге берген сұхбатында.
Ал мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек жол ережесін жиі бұзатындардың айыппұлын кешіруге болмайды деп отыр.
"Әкімшілік амнистия туралы заң жобасы бізге, мәжілістің қарауына түсуі керек. Сол кезде мен міндетті түрде жұмыс тобының құрамына кіремін", - дейді Базарбек.