Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Тоқаев парламент сайлауы қашан өтетінін хабарлады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазмедиа" орталығында республикалық референдум аясындағы үгіт-насихат науқанына белсенді қатысқан жастармен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев парламент сайлауы қашан өтетінін хабарлады
Фото: Ақорда

Президент 15 наурыз тарихи күн екенін атап өтіп, жастарға ризашылығын білдірді.

"Шын мәнінде, бұл күн ел өмірінде мәңгі сақталады. Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді. Бұл – еліміздің басты құжаты. Мен басқа да мемлекеттердің конституцияларымен танысып шықтым. Біздің Конституциямыз ең үздік Ата заңдардың қатарында тұрады деп сеніммен айта аламын", - деді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар президент жаңа Конституция, ең алдымен, жастарға арналғанына назар аударды. Ата заңға волонтерлік қызмет, ғылым, инновация, жасанды интеллект сияқты ұғымдар енгізілгеніне тоқталды.

"Ауқымды үгіт-насихат науқаны жүргізілді. Алдымызда жұмыс көп. Енді жазда парламент сайлауы өтеді. Оны бір ел болып атқаруымыз керек. Бұл жастардың парламенті болуы қажет деп ойлаймын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Естеріңізге сала кетейік, кеше Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтті.