Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Өткір затпен салынған жарақаттар анықталды": Атыраудағы қанды оқиғаға қатысты жаңа мәлімет шықты

Атырау қаласындағы "Геолог" ықшамауданынан табылған 32 жастағы Наурыз Мұқанғалиев пен 35 жастағы Мейрамгүл Қарабалинаның өліміне байланысты жаңа деректер жария болды, деп хабарлайды Paryz.kz.

"Өткір затпен салынған жарақаттар анықталды": Атыраудағы қанды оқиғаға қатысты жаңа мәлімет шықты
Фото: әлеуметтік желіден

Тергеу органдарының алдын ала мәліметіне сәйкес, марқұмдардың денелерінде өткір затпен салынған жарақаттар болған.

Оқиғаның мән-жайы туралы Атырау облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құттыбай Садықов түсініктеме берді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қажетті тергеу шараларын жүргізіп, сот-медициналық сараптама тағайындаған.

"Марқұмдардың денелерінде өткір затпен салынған жарақаттар бар. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды", – деді Құттыбай Садықов.

Мамандардың айтуынша, сараптама қорытындысы арқылы марқұмдардың нақты неден қайтыс болғаны және олардың қашан көз жұмғаны анықталады.