Прямая трансляция

Астана

Астана

17°C

Алдағы күндері ауа райы қандай болады

Алдағы күндері ел аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіліп отыр. Кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Дегенмен аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған paryz.kz.

Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Getty images

Синоптиктер Қазақстан бойынша 20-22 тамыз аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты алдағы күндері республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, сонымен қатар бұршақ түсуі ықтимал.

Елдің солтүстік жартысында түнде және таңертең тұман күтіледі. 20 тамызда Қазақстанның орталығында, 21 тамызда шығысында, 22 тамызда солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Ал батыс өңірлерде және Қазақстанның оңтүстік-шығысында қатты ыстық сақталады. 

Күндіз бұл өңірлерде ауа температурасы +30+38°C-қа дейін, Маңғыстау облысының жекелеген аудандарында +41°C-қа дейін көтеріледі. Қалған аумақта да ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді. Қостанай облысында ауа температурасы +20+30°C, солтүстік облыстарда +17+28°C, орталық және шығыс өңірлерде +17+30°C, ал Қазақстанның оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +30+38°C болады деп болжанады.