Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Шымкентте кәсіпкерден 20 млн теңге бопсалады деген күдікті ұсталды

Шымкентте кәсіпкерден 20 миллион теңге бопсалады деген күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ІІМ-ға сілтеме жасаған paryz.kz.

Шымкентте кәсіпкерден 20 млн теңге бопсалады деген күдікті ұсталды
Фото: видиодан скриншот

Ведомствоның Telegram-дағы арнасында жарияланған мәлімет бойынша, полиция жергілікті кәсіпкерден ірі көлемде ақша бопсалау фактісінің жолын кескен.

"Тергеу барысында күдіктінің қоғамдық тамақтану орнына бірнеше рет келіп, нысанды бейнежазбаға түсіріп, кейін иесіне қысым көрсеткені белгілі болды. Күдікті түрлі уәкілетті органдар тарапынан "тексеру ұйымдастырып", бизнесін жаптырамын деп қорқытқан. Осылайша, күдікті кәсіпкерден 20 миллион теңге талап еткен", - делінген хабарламада. 

Жедел іс-шаралар барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

"Полиция ескертеді: ешбір тұлға тексеру жүргіземін деп немесе ақпарат таратамын деп қорқытып, ақша талап етуге құқылы емес. Мұндай жағдайға тап болсаңыз, дереу полицияға жүгіну қажет", - делінген хабарламада.