Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Пәкістанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті

Пәкістан Премьер-министрінің резиденциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  

Пәкістанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысын Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф күтіп алды.

Қазақстан Президенті мен Пәкістан Премьер-министрі суретке түскен соң екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды.

Содан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.