Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі дербес деректерді жаппай таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынды, деп хабарлайды paryz.kz.
Вице-министрі Ростислав Коняшкиннің айтуынша, алдымен қауіпсіздік талаптарын орындамағандарға әкімшілік айыппұлдардың шегін бірнеше есе арттырып, 5 000 айлық есептік көрсеткішке (2026 жылда - 21,6 млн теңгеге) дейін жеткізу жоспарланып отыр.
"Бұдан бөлек дербес деректер жаппай тарап кеткендіктен қылмыстық жауапкершілікті енгізуді ұсынамыз", - деді Коняшкин үкіметтің бүгінгі отырысында.