Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Астанада оқушылар мен студенттер қашықтан оқуға көшті

Астанада оқушылар мен студенттер қашықтан оқуға ауыстырылды, деп хабарлады елорда әкімдігі.

Астанада оқушылар мен студенттер қашықтан оқуға көшті
Фото: Астана әкімдігі

Астанада ауа райына байланысты мектеп оқушылары мен 1-2 курс студенттері онлайн оқу форматына ауыстырылды.

"2026 жылдың 15 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", – делінген білім басқармасының хабарламасында. 

Бұған дейін "Қазгидромет" Қазақстанға 38 градус аяз келе жатқанын хабарлады. Себебі ел аумағына суық антициклон келе жатыр.

Синоптиктердің мәліметінше, 14 қаңтарда солтүстік, 15 қаңтарда шығыс аймақтарда сынап бағанасы түнгі уақытта 30-38 градусқа дейін төмендейді.

Аязды ауа райына қарамастан, антициклон тез ауысады. Салдарынан жел күшейіп, елдің солтүстік жартысында жекелеген аудандарда боранның екпіні секундына 28 метрге жетеді.