Атыраудағы спорт кешендерінің біріндегі баскетбол алаңында 13 жасар бала көз жұмды. Қайғылы оқиға 8 қаңтарда болған, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасаған paryz.kz.
Басылымның Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап жазуынша, жасөспірім жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған.
Спорт кешенінің мейірбикесі реанимациялық шаралар жасаған, алайда 103 бригадасы келгенде жасөспірімнің көз жұмғаны белгілі болған.
Басылымның мәліметінше, жасөспірімде жүрек жеткіліксіздігі болған, бірақ ол есепте тұрмаған.