ҰҚК Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік шекара арқылы тауарды заңсыз импорттау арнасының жолын кесті, деп хабарлайды paryz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҰҚК Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Telegram желісіндегі арнасының мәліметі бойынша, соттың санкциясымен Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшыларының бірі мен елорда тұрғыны ұсталып, қамауға алынды.
"Аталған тұлғалар ақшалай сыйақыға елге халық тұтынатын тауарларды кедергісіз әкелу үшін шетелдік азаматтарға көмек көрсеткен. Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын – 1,9 млрд теңге", - делінген хабарламада.
ҰҚК баспасөз қызметі Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.