Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Ресей әуежайында 74 жастағы қазақстандық әйел екі полицейге шабуыл жасаған

Ресейде сот Орынбор әуежайында полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады деген күдікпен 74 жастағы қазақстандықты қамауға алды, - деп хабарлайды paryz.kz.

Ресей әуежайында 74 жастағы қазақстандық әйел екі полицейге шабуыл жасаған
Фото: depositphoto

Сот мәліметінше, зейнеткер әйел Ресейге автокөлікпен кіріп, қызына бара жатқан. Ол сапарын әуе рейсімен жалғастырмақ болған. Алайда қол жүгін тексеру кезінде бес литрлік май құтысын алып өтпек болғаны анықталған.

Тасымалдау ережелері түсіндірілген сәтте әйел агрессия танытып, екі құқық қорғау қызметкері зардап шеккен. Сотта айыпталушы өз кінәсін мойындамай, өкініш білдірмеген.

Жасы ескеріліп, бастапқыда балама бұлтартпау шаралары – кепіл немесе үйқамақ ұсынылғанымен, әйелдің тәртіпке бағынудан бас тартқаны және елден жедел кетуді жоспарлағаны туралы деректер назарға алынған.

Осыған байланысты сот қазақстандық азаматшаны екі ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарды.