Қасым-Жомарт Тоқаевты Жапония премьер-министрінің офисінде салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлады Ақорда.
Құрмет қарауылы сап түзеп, қос елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.
"Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Санаэ Такаичи бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды", - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Тоқаевтың Жапонияға ресми сапары барысында бірқатар құжаттар мен келісімдерге қол қою жоспарланғанын хабарлады. Жоспарланған коммерциялық келісімдердің жиынтық құны 3,7 миллиард АҚШ долларынан асады, деді ол.