Жұма күні, 12 желтоқсанда Жапонияның солтүстігіндегі Аомори префектурасында қуатты жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі.
Жапонияның Метеорологиялық агенттігінің мәліметінше, жер асты дүмпулерінің алдын ала магнитудасы 6,7 балды құраған.
Сейсмикалық белсенділік елдің өзге де бірқатар өңірлерінде сезіліп, тұрғындар ғимараттардың қатты шайқалғанын хабарлады. Билік префектураның шығыс жағалауы мен Тынық мұхитына шығатын аумақтар үшін цунами қаупіне байланысты ескерту жариялады.
Тұрғындарға жағалаудағы аймақтарды уақытша тастап, биік жерлерге көшу, сондай-ақ құтқару қызметтерінің ресми хабарламалары мен нұсқауларын қадағалау ұсынылды.
Мамандар келтірілуі мүмкін залалдың ауқымы мен қайталама дүмпулердің қаупін бағалауды жалғастырып жатыр. Жедел қызметтер күшейтілген дайындық режиміне көшіріліп, теңіз деңгейі мен инфрақұрылымның жағдайына тұрақты мониторинг жүргізілуде.