Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Новости Казахстана бүгін, 05.12.2025 15:02 Обновлять, 05.12.2025 15:32

Тоқаев "Мейірім" орденін тағайындау туралы шешім қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Алтын сапа" және "Парыз" сыйлығының лауреаттарын, "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде "Мейірім" орденін тағайындау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев "Мейірім" орденін тағайындау туралы шешім қабылдады
Фото: Ақорда

Президент әр кәсіпкердің жетістігі ел мерейінің айқын көрінісі екенін атап өтті.

"Сіздер сапалы өнім өндіріп, экономиканы дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға зор үлес қосып келесіздер. Әлеуметтік жауапкершілікті терең сезініп, қайырымдылық істерге белсене атсалысып жүрсіздер. Бұл – өз кәсібіне адал, іскер және нағыз отаншыл азаматтарға тән асыл қасиет деп санаймын. Мемлекет Сіздерге әрдайым қолдау көрсетуге дайын", - деді Тоқаев. 

Мемлекет басшысы биылдан бастап 29 қазан "Қазақстан кәсіпкерлері күні" болып ресми түрде бекітілгенін еске салды. 

"Сонымен қатар мен жоғары әлеуметтік жауапкершілік танытып, қайырымдылық істерге мол үлес қосқаны үшін еліміздің үздік кәсіпкерлеріне берілетін арнайы марапат – "Мейірім" орденін тағайындау туралы шешім қабылдадым. Келесі жылдан бастап залда отырған бірқатар кәсіпкер осы мәртебелі орденмен марапатталады. Бұл еліміздегі барша бизнес өкілдеріне деген айрықша құрметтің белгісі болмақ", - деп түйіндеді президент.