Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Новости Казахстана бүгін, 04.12.2025 10:34 Обновлять, 04.12.2025 10:15

Алаяқтық: полиция қазақстандықтарға үндеу жасады

Полиция банктермен, "Қазпошта" және коммуналдық қызметтермен бірлесіп, азаматтарға интернет алаяқтықтың жаңа схемалары бойынша алданып қалмауы туралы ескертеді, деп хабарлайды paryz.kz.

Алаяқтық: полиция қазақстандықтарға үндеу жасады
фото: unplash

Құқық қорғау органдары мәлімдегендей, алаяқтар таныс емес нөмірлерден қоңырау шалып, өздерін банк, "Қазпошта", коммуналдық қызметтер немесе полиция қызметкерлері ретінде көрсетіп, ақша аударуды, SMS-кодтарды немесе жеке деректерді беруді талап етуі мүмкін.

Полиция еске салады, ешбір қызмет SMS-кодтарды сұрамайды. Сондай-ақ карта деректерін және жеке ақпаратты бермеу, күдікті сілтемелерге кірмеу және жалған құжаттарға сенбеу қажет.