Прямой эфир
Астана
25.77°C
Мұғалжар ауданының әкімі сот үкімінен соң Қандыағаш қаласы әкімін жұмыстан босататынын айтты.
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының әкімі Қазбек Аққайыр апелляциялық шағым түсіріп, сот үкімі ішінара өзгерді. Тек айыппұл мөлшері қысқарып, жәбірленушінің өкілге төленетін шығыны өсті.
Ақтөбе облыстық сот алқасының қаулысынан кейін Мұғалжар аудандық әкімдігі Қандыағаш қаласының әкімі Қазбек Аққайырды жұмыстан шығару туралы шешім қабылдады.
— Сот шешіміне сәйкес жұмыстан босатамыз, — деп жауап қайырды Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағамбетов.