Прямая трансляция

Астана

Астана

28.52°C

600-ден астам мұғалімнің жеке дерегі желіде тарап кеткен

ШҚО Ұлан ауданында прокурорлар 600-ден астам педагогтың дербес деректерінің тарап кетуіне жол бермеді, деп хабарлайды Paryz.kz облыстық прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасап.

600-ден астам мұғалімнің жеке дерегі желіде тарап кеткен
фото: CentralITAlliance/Getty Images

Ведомство мәліметінше, ШҚО Ұлан ауданының прокуратурасы дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманың сақталуына талдау жүргізу барысында жергілікті білім беру ұйымдарының қызметінде заңбұзушылықтар барын анықтаған.

"Ауданның мектептері мен балабақшалары міндетті медициналық тексеруден өткізу бойынша қызметтерді сатып алу туралы хабарландыруларды мемлекеттік сатып алу порталында жариялау кезінде құжаттамаға өз қызметкерлерінің егжей-тегжейлі тізімдерін қоса тіркегені белгілі болды.

Шектеусіз тұлғалар шеңбері үшін ашық қолжетімділікте қызметкерлердің толық анкеталық деректері (ТӘА мен ЖСН), атқаратын лауазымы, тұрғылықты мекенжайы және жеке байланыс телефон нөмірі пайда болған. Бұл құпия ақпараттың таралуына тікелей қауіп төндірді.

Аудан прокуратурасы енгізген қадағалау актісінің нәтижесі бойынша заңбұзушылықтар толығымен жойылды, 611 қызметкердің заңсыз жарияланған мәліметі ашық дереккөздерден өшірілді. Кінәлі лауазымды тұлғалар заңда белгіленген жауапқа тартылды", - делінген хабарламада.