Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Новости Казахстана бүгін, 25.11.2025 18:13 Обновлять, 25.11.2025 18:31

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: таяуда Қазақстан тергеу ақпаратын жариялайды

Бүгін Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Ақтауда Әзербайжан ұшығаның апатын тергеу жұмыстарына қатысты түсінік берді.

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: таяуда Қазақстан тергеу ақпаратын жариялайды
фото: видеодан скриншот

- Қазіргі уақытта осы тергеу амалдары жалғасып жатыр. Үш айдан кейін алғашқы алдын ала қорытындыны толық көлемде тиісті комиссия таныстырды. Атап айтқанда, қазір егжей-тегжейлі тәртіпте тексерулер тереңірек жүріп жатыр. Бұл тұрғыда айтарлықтай күрделі сараптамалар ескерілген, - деді М. Қалиақпаров тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның сөзіне қарағанда, бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін, толық есеп БАҚ-қа жарияланады. - Әзірге, оның қашан шығатынын айта алмаймыз... Бірақ, жыл соңына қарай тиісті мәліметті жолдаймыз, - деді вице-министр.