Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Новости Казахстана бүгін, 25.11.2025 16:55 Обновлять, 25.11.2025 17:20

Тоқаев пен Бердімұхамедов БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді, деп хабарлайды Paryz.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тоқаев пен Бердімұхамедов БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Сердар Бердімұхамедовтің қазақ жеріне мемлекеттік сапарының мәні айрықша деп санайтынын, Түрікменстан – Қазақстан үшін маңызды әрі сенімді серіктес, бауырлас ел екенін атап өтті. Қос халықты шынайы достық, ортақ тарих пен рухани-мәдени құндылықтар біріктіреді.

Осындай мызғымас тұғыры бар қарым-қатынасымыз стратегиялық әріптестік рухында қарқынды дамып жатыр. Екі ел арасында жоғары деңгейдегі саяси диалог қалыптасты. Сауда-экономика саласындағы байланыс жылдан жылға күшейіп келеді. Мәдени-гуманитарлық бағыттағы ықпалдастық нығая түсті. Біз аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге белсене атсалысып келеміз, – деді Мемлекет басшысы. 

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедов пен бауырлас түрікмен халқын Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығымен құттықтады. Бейтарап саясат жүргізу Түрікменстанның халықаралық аренадағы беделін биіктетіп, бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздік қағидаттарына бейіл екенін көрсетті, – деді Мемлекет басшысы.