Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Новости Казахстана бүгін, 25.11.2025 14:00 Обновлять, 25.11.2025 14:11

Қазақстан мен Түрікменстанды достық пен ортақ тарих біріктіреді - Тоқаев

Мемлекет басшысы Түрікменстан президентімен келіссөз жүргізді, деп хабарлады Ақорда.

Қазақстан мен Түрікменстанды достық пен ортақ тарих біріктіреді - Тоқаев
Фото: Ақорда

Тоқаев еліміз Түрікменстанды стратегиялық серіктес, бауырлас мемлекет, ең жақын шекаралас көрші санайтынын айтты.

"Бізді ғасырлардан жалғасып келе жатқан достық, ортақ тарих, тіл мен мәдениет біріктіреді. Мемлекеттеріміз арасындағы сауда-саттық, экономикалық ықпалдастықтың басқа да түрлері және мәдени-гуманитарлық байланыстар қарқынды дамып келеді. Екі ел серіктестігінің ауқымы мен сапасына көңіліміз толады деп айтуға негіз бар. Бұл ынтымақтастық стратегиялық сипатқа ие", – деді Қазақстан президенті. 

Тоқаевтың пікірінше, дегенмен алға қадам басу қажет. Күн тәртібінде өте маңызды мәселелер тұр. Бүгін олардың шешімін бірлесіп табамыз деп ойлаймын, дейді президент.

Сердар Бердімұхамедов қазақ жерінде көрсетілген қонақжайлық пен сый-құрмет үшін алғыс айтып, түрікмен халқының Ұлт көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедовтің сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді. 

"Бүгінде Түрікменстан мен Қазақстанның қарым-қатынасы достық, бауырластық және тату көршілік қағидаттары негізінде дамып келеді. Өзара ықпалдастығымыз саяси-дипломатиялық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларды қамтиды", – деді Түрікменстан президенті. Бұдан кейін Қазақстан мен Түрікменстан президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.