Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Новости Казахстана бүгін, 21.11.2025 15:54 Обновлять, 21.11.2025 17:37

Тоқаев Украинадағы жағдайды реттеу жөнінде Трамптың ұсынысын қолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинадағы ахуалды реттеуге бағытталған күш-жігеріне және ұсынған жоспарына қолдау білдірді, деп хабарлайды paryz.kz.

Тоқаев Украинадағы жағдайды реттеу жөнінде Трамптың ұсынысын қолдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының айтуынша, тараптар аймақтық және халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, екі елдің көптеген түйткілге қатысты ұстанымдары ұқсас екенін растаған.

«Қазіргі күрделі геосаяси жағдайда АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинадағы ахуалды реттеуге бағытталған күш-жігерін және ұсынып жатқан жоспарын қолдаймын. Сондай-ақ Қазақстан Армения мен Әзербайжанның бейбітшілік жолындағы ортақ ұмтылысын толық қолдайды», – деді президент.