Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Новости Казахстана бүгін, 20.11.2025 11:57 Обновлять, 20.11.2025 13:29

Қазақстанның бес облысында ауа райы бұзылатыны ескертілді

20 қараша, бейсенбі күні республикалық автожолдардың бірқатарында күрделі метеожағдай күтілуде, деп хабарлайды paryz.kz «Қазавтожолға» сілтеме жасап.

Қазақстанның бес облысында ауа райы бұзылатыны ескертілді
Фото: Pixabay

2025 жылғы 20 қарашада Қостанай, Алматы, СҚО, Жетісу және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар күтілуде.

Жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады, - деп жазылған хабарламада.