Прямой эфир
Астана
25.77°C
Цехті тексеру барысында «Родная степь» маркалы 2 623 бөтелке алкоголь өнімдері, жалпы көлемі 3 500 литр этил спирті белгілері бар сұйықтық тәркіленді, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті.
2025 жылғы 10 қарашада Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Шымкент қалалық Полиция департаментінің Абай аудандық полиция басқармасымен бірлесіп, алкоголь өнімдерін заңсыз өндіру фактілерін анықтау мақсатында бірлескен іс-шаралар жүргізді.
— Іс-шара барысында жалған есепке алу-бақылау маркаларын қолдана отырып алкоголь өнімін өндіретін жасырын цех анықталды. Тексеру нәтижесінде: «Родная степь» маркалы 2 623 бөтелке (0,5 л) алкоголь өнімдері, жалпы көлемі 3 500 литр 5 еурокуб (көлемі 1 тоннадан) этил спирті белгілері бар сұйықтық, өнім құюға арналған 2 аппарат, 10 000 бос бөтелке тәркіленді. Қазір аталған факт бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.
Тергеу аяқталғаннан кейін іс материалдары процессуалдық шешімдер қабылдау үшін уәкілетті органдарға жолданатын болады.